USD
USD
USD

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз хатшысы. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенім грамоталарын Швеция Корольдігінің елшісі Ева Ульрика ПУЛАНО, Грузияның елшісі Николоз ЛАЛИАШВИЛИ, Мьянма Одағы Республикасының елшісі Лвин У және Кипр Республикасының елшісі Кипрос ЙОРГАЛЛИС тапсырды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту жұмыстарына табыс тіледі. Мемлекет басшысы Қазақстанның достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізіп отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы дипломаттардың игі миссияларын орындауы кезінде Қазақстан Үкіметі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Рәсім соңында Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ елшілерге табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті