USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Құрметті, партияластар! Ең алдымен баршаңызды бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Бұл – өзара тілектестікті, жанашырлықты қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Біз осындай ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын-қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандастарымызға зор ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде.

ҚР Президенті ұйымды жаңғырту туралы алқалы жиынның дәл бүгін өтуінің символдық мәні бар екендігін атап өтті.

«1 наурыз партияның құрылған күні. 23 жыл бұрын еліміздегі ең басты саяси ұйымның негізі қаланды. Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Қоғамға пайдалы көптеген бастама көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай

Алматы әуежайы 670 млн доллар несие алмақ

Алматы әуежайы