USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев «Alatau Creative Hub» орталығына барды

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарының соңында «Alatau Creative Hub» инновациялық орталығына барды. Нысан «Шетсіз қала» стратегиясын жүзеге асыру аясында былтыр желтоқсан айында ашылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Alatau Creative Hub» орталығына барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталықта компьютерлік бағдарламаларды жасауды үйренуге, креативті индустрияны дамытуға, шығармашылық әлеует пен виртуалды өнерді дамытуға мүмкіндік бар. Жалпы мұнда түрлі бағыттар бойынша 25 үйірме тегін жұмыс істейді.

Президентке кітапхана, балалардың ойын алаңы, вокал студиясы, IT зертхана, электр техникасы мен робот техникасы залдары, дәстүрлі музыкаға арналған мультимедия орталығы таныстырылды.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына цифрландыру құралдарын қолдануға, креативті индустрияны дамытуға арналған презентациялар көрсетілді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Президентке қаланың көлік жүйесін дамыту жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталық қызметкерлерімен және онда келушілермен әңгімелесіп, суретке түсті, сондай-ақ олардың жұмысына табыс тіледі.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе