USD
USD
USD

Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлады Ақорда.

Қасымов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов 2019 жылдың 12 ақпанында президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді. Енді ол президент Тоқаевтың жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», – деп жазылған Тоқаевтың жарлығында.

Қалмұханбет Қасымов Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде 62 жаста. Үш бала, жеті немере тәрбиелеп отыр. 

Қасымов еңбек жолын тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы болып бастаған. Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі, вице-министрі, ішкі істер министрі болды. Қалмұханбет Қасымов ішкі істер министрлігін сегіз жыл басқарды. Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап ішкі істер министрі 8 рет ауысты. Осы ауыс-түйіс арасында ең көп қызметте болған – Қайырбек Сүлейменов (1995-2003 жж), одан кейін – Қасымов. 

2019 жылдың 12 ақпанынан бастап Қасымов президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған болатын.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.