USD
USD
USD

Қасым ханның қасқа жолы. Жаңа экономикалық саясатқа қандай қауіп төніп тұр?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер Асқар Маминмен кездесу кезінде жаңа экономикалық бағыттың қызу дайындалып жатқанын және оның жолдауға енетінін айтқан еді. Бірақ жаңа бағыт шынымен жаңа бола ала ма?

Қасым ханның қасқа жолы. Жаңа экономикалық саясатқа қандай қауіп төніп тұр?
Фото: NEGE.kz

Экономикамызға түпкілікті өзгерістер енгізуі тиіс құжаттың қалай дайындалып жатқанынан хабардар сенімді дереккөздің айтуынша, үкімет ескі тәртіптің осы қалпында қала беруін қалайды. Сондықтан сәл ғана көз алдайтын өзгерістері бар, бірақ мүлдем тиімсіз қазіргі модельге негізделген шалажансар құжат ұсынған. Енді оны қабылдату бойынша бар күшін салуда.

Бірақ әу баста Мемлекет басшысының айтқаны бұл емес еді. Системалық дағдарыстан шығу үшін қазіргі қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек. Көпшілік күтпеген батыл шешімдер қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикалық саясат аясында үкіметтен осындай қадамдар күткені анық. Бірақ үкімет оның орнына жұмыр тастай барлық қыры егелген, "өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын" өлі құжат дайындапты. Егер ол қабылданса, мұны жаңа экономика деп қарауға келмейді.

"Коронавирус пандемиясы бұған дейін үкімет қолданып келген модельдердің көбісін іске алғысыз қылып тастады. Әлем өте тез өзгеруде. Одан қалып қалмас үшін бізге де барынша тез өзгеру керек. Ескі психологиямен, жұмыс істеп тұрған ескі құжаттармен оның барлығын іске асыру өте қиын", – дейді, Экономикалық бастамаларды дамыту қорының сарапшылары.

Мысалы, нақты түбегейлі батыл шешімдер қатарында ұлттық холдингтерді жауып тастау, ұлттық қорды екіге бөліп, бір бөлігін болашақ ұрпаққа аманат ретінде сақтап қалу, кәсіпкерлерге несиені банктер емес, тікелей мемлекеттік мекемелер арқылы еш кепілсіз беру, шетел банктерін жаппай елге кіргізу сынды ұсыныстар бар.

Тақырыпқа орай: Тоқаевтың 5 тезисі. Президент Қазақстанды қалай құтқаратынын айтты

 

Мұндай ұсыныстардың үкімет мүшелерін өлердей қорқытып отырғаны анық. Сондықтан олар жаңа экономикалық бағыт ретінде өздерінің дайындап отырған сценарийін өткізгісі келеді. Қай тараптың жеңгенін Мемлекет басшысының алдағы жолдауынан ғана білетін боламыз. Бір нәрсе анық, тек батыл әрі түбегейлі шешімдер ғана экономикамызға серпіліс бере алады.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев