USD
USD
USD

Қасым хан туралы фильм түсіріле бастайды

 «Қазақфильм» киностудиясы Қасым хан туралы жаңа тарихи фильмнің түсірілімін бастайды.

Қасым хан туралы фильм түсіріле бастайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі атап өткендей, жақын уақытта киностудия Қасым хан туралы толық метражды фильмнің жобасын жүзеге асырмақшы. Тарихи фильмнің режиссері Ақан Сатаев болады. «Режиссер Ақан Сатаев бастаған шығармашылық топты 1511-1521 жылдары Қазақ хандығын басқарған аты аңызға айналған ханның тарихи бейнесін жаңғыртуда көп жұмыс күтіп тұр. Дәл осы жылдары мемлекет Шығыс Дешті-Қыпшақтың ауқымды территориясына бақылау орнатты.

«Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі заң жасалып, шығарылды. Ол дәуірде қазақтар тәуелсіз этникалық қауымдастық ретінде біздің территориямыздан тыс жерлерде де танымал болды», – деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметі. Фильмді түсіру жұмыстарды 2021 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.