Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Қасым хан» киножобасынан 29 млн теңге жымқырылған

«Қасым хан» киножобасының 29,9 млн теңгесін жымқырғандар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қасым хан» киножобасынан 29 млн теңге жымқырылған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті «Қазақфильм» АҚ «Қасым хан» киножобасы» филиалының директоры К.С.Ахметовқа және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Олар пайдакүнемдік мақсатта қызметін пайдаланып, алдын ала сөз байласып, ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқырған», - деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы монитрингі комитетінен. Тергеу барысында аталған адамдар бюджеттен 29,9 млн теңге ақшаны жымқырғаны анықталған. Ол сома тарихи сериалды түсіру кезінде пиротехниканы сатып алуға жұмсалуы керек болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілер «Қазақфильм» АҚ-қа келтірілген шығынды толығымен өтеді. Сот үкімімен ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін «Қазақфильм» АҚ «Қасым хан» киножобасы» филиалының бұрынғы директоры 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның екі сыбайласының 3 жылға дейін бас бостандығы шектелді. Бұл іске қатысты осы екі адам пробациялық бақылауға ілініп, 100 сағаттың мәжбүрлі еңбекті өтеуге міндеттелді. Еске сала кетсек «Қазақфильм» киностудиясы Қасым хан туралы жаңа тарихи фильмнің түсіре бастайтыны былтыр қазан айында хабарланған еді. Режиссер Ақан Сатаев бастаған шығармашылық топ фильмді түсіру жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң