USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаеа
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына мән берілді.

Әңгімелесуде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева