USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан жастары өз халқының тарихын дұрыс түсіне отырып, болашаққа үмітпен және сеніммен қарауға тиіс.

статистика
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының айтуынша, мұң, қайғы, күйзеліс – жастарымызға жат нәрсе болуы керек.

«Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек. Бұл жөнінде үнемі айтып келемін. Біздің кейбір қаламгерлеріміз "мұң" деген сөзді жақсы көреді: "жүрегімде мұң, көзімде мұң"! Мұң-қайғы жастық шаққа, жастарға жараспайды. Еліміздің жастары оптимист болып, еңсере алмайтын қиындықтың жоқ екенін білуі қажет», – деді Президент Республикалық тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, Қазақстан халқы өз күш-қуатына сенетін, мықты ұлтқа айналуы керек.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы