USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйокты Мажарстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. – Сіздің орасан зор саяси тәжірибеңіз бен алға қойған тың жоспарларыңыз еліңіздің болашағын жарқын етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Тамыры тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мажар халқына құт-береке тіледі. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала