USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне көлемді сұхбат берді

2-4 шілде аралығында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Сапар қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне жазбаша сұхбат берді.

«Әрине, жеке байланыстарды дамыту ынтымақтастығымызды тереңдетуге және екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста жаңа көкжиектерді ашуға маңызды серпін береді. Осы жылдар ішінде арамызда қалыптасқан шынайы достық және сенімді қарым-қатынастар жаңа ұлы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді. Құрметті Төраға Си Цзиньпинмен кездесулерімізді ерекше жылылықпен еске аламын», - деді Мемлекет басшысы. 

«Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы білім беру жүйесінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған прагматикалық көзқарасқа ерекше қызығушылықты атап өтті. Сондай-ақ ол қытай тіліне қатысты пікір білдірді. 

«Әлемдегі және Қытайдың өзіндегі де тез өзгеріп жатқан тенденцияларды ескере отырып, мен тілдік дағдыларымды сақтау үшін, сондай-ақ Қытайдың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы соңғы тенденциялардан хабардар болу үшін үнемі қытай тілінде кітаптар оқимын», - деді Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

«Грекияда 125 жылға сотталды»: Ақтөбелік ана СІМ-нен көмек сұрады

.

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел қыркүйекте мұнай өндіру көлемін арттырады

Мұнай экспорты

Никол Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

.

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.