USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке құттықтау хатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуына орай құттықтау жолдады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қазақстан Президенті жеделхатында Түрікменстанның табысты жүргізіп отырған бейтараптық саясаты елдің халықаралық аренадағы беделін биіктетіп, зор құрметке бөлегенін атап өтті.

– Қазақстан мен Түрікменстанды сан ғасырдан тамыр тартатын берік достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қарым-қатынас байланыстырады. Бауырлас екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік нығая түсіп, қарқынды дамып келеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – делінген құттықтауда.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық