USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Мәртебелі меймандар Қаржы орталығының жетістіктерімен танысты.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Сондай-ақ АХҚО Соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік орталығының ерекшеліктері көрсетілді. АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагеріне инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді.

Бүгінгі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінің 46 компаниясы АХҚО резиденті ретінде тіркелген. Олар қаржы және сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технология, сауда, көлік, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі секілді түрлі салада қызмет етеді. Бұдан бөлек, Қазақстан мен БАӘ капитал нарығы арасында байланыс нығайып келеді.

Мәселен, биыл 7 мамырда Nasdaq Dubai және Astana International Exchange (AIX) биржалары орталық депозитарийлерінің арасында тікелей байланыс орнағанын жариялады. Былтыр AIX Абу Даби биржасы (ADX) құрған Tabadul цифрлық биржа хабына қосылды

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.