2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевке Орта дәлізді дамыту жобасы таныстырылды

Мемлекеттер басшыларына қазақ-әзербайжан мамандарының Орта дәлізді дамыту бойынша атқарып жатқан жүйелі жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қазақстан Президентінің кеңесшісі Әсел Жанасова Орта дәлізді дамыту жоспарын таныстырды. Бұл – Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерін Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі көлік-логистикалық бағыт.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевке Қытайдан Әзербайжанға тасымал көлемінің ұлғаюы Орта дәліздің дамуына тың серпін бергені жөнінде баяндалды. Бүгінде жүк Қытай шекарасынан Грузия порттарына дейін 15-18 күнде жеткізіледі.

Болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай бұл бағыттағы жүк айналымы үш есе артуы мүмкін.

Мемлекеттер басшыларына Орта дәліздің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, сондай-ақ Еуразиядағы транзиттік рөлін нығайтуға бағытталған нақты шаралар және бастамалар туралы айтылды.

Қазір оқып жатыр

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар