USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Ақорда, президентпен кездесу
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Ғани Бейсембаев еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Былтыр 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылған. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешкен.

Жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарған. Тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала береді.

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынған.

Ғани Бейсембаев орта білім сапасын арттыру туралы айтты. Мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген. Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған.

Сонымен қатар министр техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобаларды таныстырды.

Қазір оқып жатыр

Президент 24 қарашаға дейін ұлттық компаниялардағы жемқорлықпен күрес жөнінде ұсыныс беруді тапсырды

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

Тоқаев Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы туралы не деді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Басшысы ұсталған ҚТЖ өкілдері мәлімдеме жасады

ҚТЖ

Ақтауда көліктің газ баллоны жарылып, ондаған метрге ұшып кеткен

Ақтау газ балон