USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды ұсынды

Мемлекет басшысы экология саласындағы ықпалдастықты маңызды міндет деп атады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. – Климат өзгерісі шекара таңдамай, әлемнің көптеген елі мен өңіріне қауіп төндіріп отыр. Нақты қатерлерге, мәселен, шөлейттенуге, құрғақшылыққа, су қоймаларының тартылуына, мұздықтардың еруіне және басқа да экологиялық мәселелерге қарсы күрес стратегиясын бірлесе әзірлеу өзекті. Сондықтан Қазақстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды қолдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент келесі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толатынын еске салды.

– Халықтарымыздың игілігі жолында шын мәнінде салмақты, жан-жақты пысықталған нәтижеге қол жеткізу мақсатында бұл датаға кеңінен ойластырылған, ұтымды ұсыныстармен келген дұрыс. «Шанхай рухының» жасампаз құндылықтарын ілгерілетуге табанды әрі табысты күш-жігер жұмсағаны үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мырзаға тағы да алғыс айтамын. Бүгінгі Саммит халықаралық қатынастар жылнамасына көпжақты ықпалдастықты кеңейту тұрғысынан нақты шешімдер қабылданған жемісті форум ретінде енетініне сенімдімін. Ол Ұйымның әлеуетін айтарлықтай күшейтетіні сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта ШЫҰ-ға төрағалық ететін Қырғыз Республикасына және Президент Садыр Жапаровқа табыс тіледі.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта