USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауға кірісті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялап жатыр.

вице-президент
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әлемдегі ахуалдың күрделене түскенін айтып, ел бірлігін сақтаудың маңызына тоқталды.

«Ашығын айтсақ, бүгінде тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ. Бұл – алдымызда көптеген өзекті міндет тұр деген сөз», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, әлем елдері арасындағы сенім дағдарысы күшейіп, халықаралық құқықтың беделі төмендеген. БҰҰ да өз ықпалын жоғалтып барады.

Тоқаев мұндай жағдайда Қазақстан қоғамында тәртіп, бірлік пен келісімге басымдық беру қажеттігін атап өтті.

«Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық», – деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзін республикалық телеарналардан және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды

Тоқаев

Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді: Тоқаев ауқымды құрылыс жоспарын жариялады

Қазақстан Халқына Жолдау

«Битумды сылтауратпаңдар»: Тоқаев жол сапасын қатаң сынға алды

жол

Павлодар облысында Алтын Орда дәуірінен қалған көне темір өндірісі анықталды

Баянауыл аударнындағы археологиялық іздер