Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллді қабылдады
Кездесуде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен ХОК арасындағы өзара ықпалдастық перспективасы талқыланды.

Алматы, NEGE. Президент олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда Халықаралық олимпиада комитетінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Мемлекет басшысы отандық спортты және халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Кит МакКоннелл Қазақстан спорт қауымдастығының олимпиада қозғалысын насихаттау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол ұлттық құраманың халықаралық жарыстарда табысқа жетуіне тілектестік білдірді.
Қазір оқып жатыр
Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

