USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қаржы ұйымымен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты бірқатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жобаларға, соның ішінде «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құю ниетін құптады.

Одиль Рено-Бассо еліміздің инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жақында ұзындығы 234 шақырым болатын Ақтөбе – Ұлғайсын автожолын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұл бағыттың ішкі және халықаралық тасымалды дамытуда маңызы зор.

Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ мен Қазақстан ынтымақтастығы табысты дамып келе жатқанын айтты.

Ол 2024 жылы инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артқанын, соның нәтижесінде 1 миллиард еуроға жуықтағанын атап өтті. Бұдан бөлек, банк басшысы Қазақстанның көлік әлеуетін және энергетика секторын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy