USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдаған қарардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Аймақтық орталықтың институттық негізін жасақтау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл құрылғанына 80 жыл толған БҰҰ-ның әлі де әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым саналатынын жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттердің барлығы құрылым Жарғысы мен әлем елдері мойындаған халықаралық құқық қағидаттарын сақтауға тиіс деп санайды.

Бас хатшы Қазақстанның бітімгершілік күш-жігеріне, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және орнықты дамуды ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.