USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Сенім грамоталарын Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Мұхаммед Джабер, Боливар Венесуэла Республикасының елшісі Росальба Ло Буэ Антико, Камбоджа Корольдігінің елшісі Чеа Сок, Бурунди Республикасының елшісі Жозеф Нкурунзиза тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

– Біз салмақты, сындарлы, бейбіт сыртқы саясат жүргізіп отырмыз. Жақын арада аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты дамытуда жаңа жетістіктерге қол жеткізе аламыз деп сенеміз. Баршаңызды тағы да құттықтаймын. Сіздердің Қазақстандағы маңызды миссияларыңызға табыс тілеймін, – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты