USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына түсуі мүмкін бе?

БАҚ өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан 2029 жылғы Президент сайлауына түсу жоспарында бар-жоғын сұрады.

Президент сайлауы
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Тоқаевтың айтуынша, Конституциялық сот оның заң жүзінде қайта сайлануға құқығы бар екенін растаған.

«Әлбетте, заң жүзінде менің қайта сайлануға құқығым бар. Бірақ алдағы уақытта сайлау өткізуге және оған қатысатыным немесе қатыспайтыным туралы сөз қозғауға әлі ерте. Біз еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді еңсеруіміз керек», – деді Президент.

Оның мәлімдеуінше, алда тұтас Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдырып, ең алдымен, азаматтарға арналған әлеуметтік нысандар салу міндеті тұр. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мақсатқа Ұлттық қордың қаржысын пайдалануға дайын екенін жеткізді.

«Халықтың игілігіне жарата алмасақ, қаражатты шетелдерде құнды қағаз ретінде ұстап отырудың қажеті қанша? Қаржыны жай ғана ұстап отыруға қарсымын. Қаражат халқымыздың, азаматтарымыздың игілігіне қызмет етуі керек», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл ретте Тоқаев келесі Президент сайлауына түсетіні не түспейтіні жөніндегі сұраққа алдағы уақытта нақты жауап беретінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу