7 Мамыр 16:22
...

Қасым Қайсенов ауылында Батырлар аллеясы ашылды

ҚО
Фото: ШҚО әкімдігі

Отан қорғаушылар күнінде Ұлан ауданы Қасым Қайсенов ауылындағы Батырлар аллеясында «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты салтанатты іс-шара өтті. Бұл шара Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

Алматы, NEGE. Салтанатты шараның басында Қасым Қайсеновтың муралы таныстырылды, ал Батырлар аллеясының алаңында соғыс жылдарының әндері шырқалып, рухани бірліктің ерекше атмосферасы қалыптасты. Шараның ресми бөлімі Мемлекеттік гимнді орындаумен және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың құттықтау сөзімен басталды.

Ескерткіш стела Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлеріне арналған. Бұл біздің тарихымызға деген құрметтің белгісі, ержүрек ата-бабаларымызға шексіз тағзымның символы. Мұнда жас жауынгерлер, Отан қорғаушылар бар. Олар біздің батырларымыздың есімін лайықты түрде жалғастыруы тиіс. Өз кезегінде, қазақстандықтар бейбіт уақыттың батырлары болуға және өз еңбектерімен Отанға деген сүйіспеншіліктерін дәлелдеуге ұмтылуы керек, – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Ұлан жері – Кеңес Одағының 9 батыры мен 1 Халық Қаһарманының туған жері, олардың есімдері Отан қорғау тарихына алтын әріптермен жазылған. Олардың арасында аңызға айналған партизан, жазушы, жерлесіміз – Қасым Қайсенов ерекше орын алады.

Облыста батырлардың есімдерін мәңгі есте қалдыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл Ұлан ауданында 6 ескерткіш жаңартылып, Қасым Қайсеновқа арналған мурал салынды. Бұл жұмыстар – біздің өткенімізге деген құрметіміздің жарқын көрінісі әрі жастарды патриоттық тәрбиелеудің маңызды элементі. Біз сенеміз, Батырлар аллеясы халықты рухтандырып, жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелейтін қасиетті орынға айналады, – деп атап өтті облыс әкімі өз сөзінде.

Шараға Қасым Қайсеновтың Халық Қаһарманы ұлы Болат Қайсеновтың қатысуы ауыл тұрғындары үшін үлкен мәртебе болды.

Салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аймұхамбет Бакимбаев сөз сөйледі.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алу шараның қорытындысы болды.