USD
USD
USD

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Қасиет» клиникасы Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың өліміне қатысты мәлімдеме жасады.

.
Фото: Қасиет клиникасы

Астана, NEGE. Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік желіде аты аталып, айып тағылып жатқан дәрігер жарияланымдарда айтылған операцияны жасамаған. Сонымен қатар клиника Ербол Айтуовтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Клиника өздерінде лицензия болмағаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды. Медициналық мекеменің мәліметінше, клиника 2015 жылғы 31 шілдеде берілген қолданыстағы лицензия негізінде жұмыс істейді. Құжатта анестезиология және реаниматология қызметтері де көрсетілгені айтылды.

Бұдан бөлек, клиника өкілдері Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тексерісі аяқталғанын хабарлады.

Ал Ербол Айтуовтың жесірі Лаура Айтуова күйеуінің өлімі операцияның салдарынан емес, ота басталмай тұрып болған жайтқа байланысты екенін нақтылады. Оның айтуынша, интубация дұрыс жасалмаған.

Интубация – дәрігердің науқастың тыныс алу жолына, көбіне ауыз арқылы кеңірдекке арнайы түтік енгізу процедурасы. Ол адам наркоз кезінде дұрыс тыныс алуы үшін жасалады.

Қазір оқып жатыр

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Ербол Айтуов

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Оразалы Ержанов

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

.

Ақтауда депутат пластикалық ота жасатпақ болып қайтыс болды

Ербол Айтуов