USD
USD
USD

Жеті ай бойы іздеу салынған вайнер Түркияда ұсталды

Алматы қаласының полиция департаменті «Қаржылық инвестициялық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы бойынша күдікке ілінген Әзімжан Саидбаевқа халықаралық іздеу жариялаған. 

Жеті ай бойы іздеу салынған вайнер Түркияда ұсталды
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды.

Алматы, NEGE. Оған ақпан айында халықаралық іздеу жарияланған болатын. Бірақ жеті айдан бері хабар болмаған. Ал онымен бірге осы іске қатысы бар деп күдікке ілінген Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауда отыр.Түркияда халықаралық іздеуде жүрген комик-актер «Mudarabah capital» қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген Әзімжан Саидбаев ұсталды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірі ретінде де айыпталуы мүмкін, – деп жазды журналист.

Бірақ Қазақстан интерполы бұл ақпаратты әзірге растамады. Әзімжан Саидбаев 1986 жылы Қырғызстанда дүниеге келген. Актер, вайнер ретінде Қазақстанда танылған. Тергеушілердің айтуынша, Төребаев, Саидбаев және Шерниязов «Mudarabah capital» қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, компанияның ортақ иелері ретінде тұрақты түрде табыс алып отырған.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу