USD
USD
USD

Қашықтан оқу кезінде оқушыға үй тапсырмасы беріле ме?

Оқушыларға онлайн білім алу кезінде үйге тапсырма мейлінше аз беріледі. Мұғалімдер мен оқушылар тапсырманы сабақ барысында орындауы тиіс.

Қашықтан оқу кезінде оқушыға үй тапсырмасы беріле ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова айтты. Алматы қаласы Білім басқармасы жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарованың айтуынша, дәстүрлі тамыз конференциясында мектеп директорларына үй тапсырмасы туралы нұсқаулар берілді. «Оқушыларға үй тапсырмасы мүлдем берілмейді деген сөз жоқ. Тапсырманың көлемі мейілінше шектеледі. Негізі сабақта орындаған жөн. Бұл оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді деп шештік»,- дейді Ақмарал Айтуарова.

Оның айтуынша, тамыз айында 15 мыңнан аса мұғалім Kundelik.kz, Bilimland.kz, Microsoft.Teams білім беру платформаларын оқу процесінде қолдану бойынша курстан өтті. Сонымен қатар білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша қала мектептерінде 19 тамызда «Бірыңғай педагогикалық кеңес» өтті. 1 қыркүйекте 279 мектепте онлайн режимде білім күніне арналған сабақтар өткізілді.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда қаза болған Аян Дүйсековті тұрғын үйден шығару туралы мәселе қаралмаған – сот

Аян Дүйсеков

Қазақстанның бес өңірінде жылыту маусымы басталды

Жылу батареясы

АҚШ жемқорлық пен есірткі тасымалына қатысы бар шетелдіктерге виза шектеуін енгізді

АҚШ-қа виза

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"