Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қашағанда мұнай өндіру тоқтады

1 маусымнан бастап NCOC компаниясы жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандарының жұмысын тоқтатады. Бұл туралы компания сайтында жазылған.

Қашағанда мұнай өндіру тоқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Компания мәліметінше, жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу - анағұрлым маңызды іс-шаралардың бірі және ол бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттіліктерге сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірісті қысқа кезеңге толық тоқтатады. 

"Қашаған кен орны өндірістік нысандарының жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу өндіру жүйесінің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, ҚР нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген міндетті іс-шаралар мен инспекциялардың жүзеге асырылуын, сонымен қатар өнімділікті және өндіру жүйесінің сенімділігін оңтайландыру мен одан әрі арттыруға арналған бірқатар жұмыстар мен жобалардың орындалуын көздейді. Көлемі 2 миллион адам-сағаттан асатын ауқымды жұмыстарды 45 күн ішінде орындау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример