USD
USD
USD

Қашаған кенінде жаңа каналдар пайда болады

Жаңа каналдардың ұындығы 56 шақырымды құрамақ. Каспий теңізіндегі су деңгейі төмендегендіктен, қазіргі жасанды аралдарға кеме қатынасын канал арқылы жүргізу керек болады.

Қашаған кенінде жаңа каналдар пайда болады
Фото: NEGE.kz

Осыған қатысты Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы (NCOC) Жайық-Каспий Орхус орталығымен бірлесіп, қоғамдық тыңдау өткізді деп жазады, NCOC баспасөз-қызметі.

Ұсынылған жобада Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне және Қашаған кен орнының теңіз нысандары аумағында теңіздің таяздануына байланысты қолданыстағы жасанды аралдарға кірме арна төсеу қажеттігі туындайтындығы қарастырылады. Теңіз операцияларын қолдау жасанды аралдарға персоналды, отынды, жабдықты, химиялық реагенттерді, тамақ өнімдерін және өндіріс пен тіршілік әрекетін қолдау үшін қажетті басқа да материалдарды жеткізетін кемелер арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.  Жобада аралдарда және олардың айналасында теңіз кемелерінің навигациясын қамтамасыз ету үшін құрылыс мен техникалық қызмет көрсету жұмыстары анықталады. Техникалық қызмет көрсету жұмыстары теңіз түбін қалпына келтіру мен теңіз логистикасы үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтиды.

Теңіз түбіне барынша аз әсер ететін ең заманауи жабдықты пайдалану, сондай-ақ үйінділер учаскелерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігі арқасында жобаны техникалық тұрғыдан жүзеге асыруға болатындығы анықталды.

Ережеге сәйкес, қоғамдық тыңдау туралы хабарлама 20 жұмыс күні бұрын жарияланды. Жоба материалдарымен Атырау облысы әкімдігінің www.atyrau.gov.kz сайтынан танысуға болады.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева