USD
USD
USD

Қашаған кен орнын игерушілер $5 млрд айыппұлмен келіспей, арбитражға жүгінбек

Қашаған кен орнын игеріп отырған халықаралық компаниялар 5 миллиард доллардан астам экологиялық айыппұлға байланысты Қазақстан үкіметінің үстінен арбитражға жүгінбек.

Кен орны
Фото: NCOC баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Bloomberg Shell компаниясы өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Экологиялық айыппұл күкіртті сақтау талаптарына байланысты салынған еді. Желтоқсанда Астанадағы сот Қашағанды игеріп жатқан консорциумның апелляциясын қанағаттандырмады, осыдан кейін халықаралық акционерлер арбитражға жүгіну туралы шешім қабылдаған.

«Біз тағылған айыптарға қарсы болып, жағдайды диалог арқылы шешуге тырысқанымызбен, бұл әрекетіміз нәтиже бермеді. Сондықтан халықаралық акционерлер халықаралық келісімдер аясында арбитраж бастау қажет деген шешім қабылдады», – деп мәлімдеді Shell өкілі.

Оның айтуынша, Қазақстан үкіметі Қашағанға жақын орналасқан Ақтоты мен Қайран сияқты екі игерілмеген учаске бойынша бөлек арбитражға бастамашылық етпек. Үкімет олардың мемлекет меншігіне қайтарылуын талап етіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы