USD
USD
USD

KASE индексі 0,04%-ға өсіп, 2306,25-ке жетті

Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,04% -ға 2305,41-ден 2306,25 дейін өсті. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

KASE индексі 0,04%-ға өсіп, 2306,25-ке жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда өсіп, Т109,4 млн. немесе $5283,6 мыңды құрады.

Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,04%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+1,4%) және «Қазақтелеком» АҚ (+1,2%) акцияларының бағасы өскен.

Ал KAZ Minerals PLC (-0,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,5%), «Кселл» АҚ (-0,1%), «KEGOC» АҚ (-0,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-2,5%) бағасы түсті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды