Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қасақана кісі қаққан ағайындыларды қамау ұзартылды

Көшедегі кикілжің кезінде кісі қаққан Дінмұхамед Әлікеевтің қамау мерзімін қалалық сот тағы да бір айға ұзартты.

Қасақана кісі қаққан ағайындыларды қамау ұзартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыс болған кезде «Toyota Avensis» мәшинесінің рөлінде болған Дінмұхамедті бұдан бұрын 16 қыркүйек пен 16 қазан аралығына дейін қамауда болуына шешім шыққан еді. Бұған дейін, оның туған ағасы Жандос Әлікеевке де сот санкциясы ұзартылған. 1995 жылғы Жандос Әлікеев қылмыс болған кезде «Toyota Camry» көлігімен кісі қаққаны үшін, оған «кісі өлтіруге ұмтылу» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 26 тамызы күні таңғы 5-тер шамасында Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты Гагарин көшесінің бойында ағайынды жігіттердің өз көліктерімен қасақана кісі қағу оқиғасы желіде қызу талқыға түскен.

Бұдан бөлек, ағайындылар мінген көліктердің бірі бұған дейін есірткі қолдану ісіне де қатысы бары анықталған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант