USD
USD
USD

Қаржылық пирамидалар айылын қашан жияды?

Елімізде қаржылық пирамидалар қызметінен зардап шеккендер көбейді.

Қаржылық пирамидалар айылын қашан жияды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елімізде қаржылық пирамида қызметінен 40 мың адам зардап шеккен. Келтірілген шығын көлемі 20 млрд теңгеден асады. Енді Ішкі істер министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кінәлілерге қатаң жаза қолданбақ. Ал азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін түсіндірме жұмыстарын күшейтуді көздеп отыр. Ақтөбеде заңсыз қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты тергеу амалдары аяқталды. Полицейлер жалған қаржы институттарының әрекетінен 17 мың адамның зардап шеккенін хабарлады және олардың қатары әлі де артуы мүмкін. «Қаржы пирамидасына алдандым» деп шағым айтып келушілер азаяр емес.

ҚР ІІМ аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі Жанболат Әбдірайымов: "50 адам күдікті болып анықталған, оның 33-і қамауға алынып, тергеу изоляторында отыр. Қалған 17 адамға әртүрлі бұлтартпау шарасы қолданылды. Яғни 5 адам үйқамақта, қалған 12 адам ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бұдан басқа тағы 6 күдікті іздеуге жарияланған", - деді. 

Оқиға жыл басында еліміздің бірқатар өңірінде болды. Өздерін заңды мекеме ретінде таныстырып, тегін дүние береміз деген алаяқтар миллиардтап қаржы жинап, шетел асып кеткен. Салдарынан тек Ақтөбе облысында 3 мыңға жуық адам зардап шекті. «Выгодный займ», «Гарант 24 Ломбард», «Нұрәли», «ESTATE Ломбард» сынды мекемелердің заңсыз әрекеті толық әшкере болды. Жауапты тұлғалары қамауда отыр.

ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз: "Бұл жерде 10 мыңнан астам адам зардап шеккен. 20 млрд шығын келтірілген. Қылмыстық істің барлығын таныстырып болған соң, сотқа жолдайтын боламыз", - деді.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция