USD
USD
USD

Қаржылық пирамида құрған азаматша ұсталды

Polisia.kz сайты 16 қыркүйек күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына 27 жастағы қала тұрғынынан арыз түскенін хабарлады.

Қаржылық пирамида құрған азаматша ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Азамат өз арызында бизнеспен айналыспақ болып, 2019 жылдың тамыз айында қомақты қаражат табуға көмектесуге уәде берген бір фирманың басшына жолыққанын айтқан. Тиісінше бірден «байлыққа белшеден батырамын» дегеніне сенген жәбірленуші ол фирмаға үстеме ақы табу мақсатында тоғыз миллион теңге қаржы құйған. Алайда арада жыл өткенде не үстеме ақы, не өзінің салған тоғыз миллион теңгесін ала алмаған жәбірленуші қаржы пирамидасының арбауына түскенін сезіп, полицияға арызданған. 27 жастағы жәбірленуші жалған фирманың басшысы 51, 58 жастағы азаматшалар мен 24 жастағы азамат екенін айтқан.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген тиісті шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 58 жастағы күдікті азаматша ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері басқада күдіктілерді іздестіруде.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті