USD
USD
USD

Қаржы ұйымдарына неге айыппұл салынды?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарында мониторинг жүргізді.

Қаржы ұйымдарына неге айыппұл салынды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы 9 айда екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, коллекторлық агенттіктерге және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты шамамен 253 ескерту, жазбаша ұйғарым және жалпы сомасы 76,1 млн теңгеге 163 әкімшілік жаза қолданылды.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша: банктер көбіне банктік қарыздарға қызмет көрсетпеген, төлемдер және ақша аударымдарына, клиенттердің шоттарына тиісті қызмет көрсетпеген, банктік қызметтер туралы жарнамада банк лицензиясының нөмірі мен лицензия берген орган атауы болмаған.

2020 жылғы тоғыз айда банктерге қатысты әкімшілік жазалаудың жалпы сомасы 36,7 млн теңге болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына 919,1 мың теңге айыппұл салынған.

Микроқаржылық ұйымдар 37,9 млн теңге айыппұл төлейтін болды.

Ал коллекторлық агенттіктерге 530,2 мың теңге айыппұл жазылды.

Қазір оқып жатыр

Германиямен ғылыми-технологиялық ынтымақтастық Қазақстан экономикасына қандай мүмкіндік береді?

Анель Киреева

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова