Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қаржы полициясының бұрынғы басшысына қатысты үкімнің күші жойылды

Жоғарғы сотта 14 жылға сотталған Алматы қаласы Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Әмірхан Аманбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қаржы полициясының бұрынғы басшысына қатысты үкімнің күші жойылды
Фото: NEGE.kz

Aлматы. NEGE. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2020 жылғы 30 Маусымда кассациялық тәртіп бойынша Аманбаевқа қатысты қылмыстық істі қайта қарады, ол 2017 жылғы 22 ақпандағы сот үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Жоғарғы Соттың кассациялық инстанциясы соттың Аманбаевқа қатысты үкімі кінәсіздік презумпциясының конституциялық принципін бұзатынын анықтады.

Аманбаевқа ұйымдасқан топ құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу, жалған кәсіпкерлікке жәрдемдесу, аса ірі мөлшерде пара алу және ақшаны заңдастыру жөнінде тағылған айыптаулары басқа сотталушының жауаптарына ғана негізделген.

«Ол адамның іс бойынша айғақтары қандай да бір басқа материалдармен-құжаттармен, заттай дәлелдемелермен, жедел-іздестіру шараларының немесе жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен расталмайды",- делінген хабарламада.

Осыған байланысты Жоғарғы сот алқасы Аманбаевқа қатысты үкім күшін жойып, қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш