USD
USD
USD

Қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізімі жарияланды

Қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады. 

Қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізімі жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді өз қаражатын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияның сенімділігін ҚНРДА реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімде тексере алады. 

Айта кету керек, Агенттік ағымдағы жылдың басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды.

Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартты.

Еске салайық, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА телеграм ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері қызметке 3511 өтініш түскен. 

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі