USD
USD
USD

Қаржы пирамидасының басшылары ұсталды

Жетісайда қаржы пирамидасының жолы кесілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Қаржы пирамидасының басшылары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін брифингте Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков Жетісайда полицейлер қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқанын мәлімдеді.

Бұл жайт ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген.

«Тергеу барысында кеңсеге тінту жүргізіліп, құжаттар, жабдықтар, компьютерлер және басқа да айғақты заттар тәркіленді. Полицияға Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарынан 74 тұрғыны арызданған. Жәбірленушілер саны әлі де артуы мүмкін. Шығын көлемі анықталып жатыр. Бүгінгі таңда Жетісай аудандық полиция бөлімінің базасында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды», – деп атап өтті департамент бастығы.

20 тамызда Шымкент қаласынан полиция бөліміне пирамида жасады деген күдікпен Жетісай ауданының тұрғыны ЖШС директоры жеткізілді. Сондай-ақ оның екі сыбайласы, Мақтаарал ауданының тұрғындары ұсталды. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер қамауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға «жеңіл ақша» үшін кез келген бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай