USD
USD
USD

Астанада қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Antares» қаржылық пирамидасының екі жетекшісінің мүліктері тәркіленіп,  5 жыл 6 ай және 6 жыл 6 айға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлады Астана соты. 

Астанада қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарды. 

Кінәлілер «Instagram» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300%-ға дейін көбейтуге уәде берген.

33 адам пирамидаға 245 миллионнан астам теңге салған. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Үкім күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова