USD
USD
USD

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін жазаны күшейту ұсынылып отыр

ҚР парламенті мәжілісінің отырысында қаржы пирамидасына қарсы іс-қимыл жөніндегі түзетулерді әзірлеушілердің бірі депутат Юрий Ли Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша айыппұл мен жазалау мерзімін қайта қарау туралы шешім екінші оқылымда қабылданғанын айтты.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін жазаны күшейту ұсынылып отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжіліс жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын және оған қарсы іс-қимылды мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізуді көздейді. Әңгіме 217-бап туралы. Оған ұсынылған нормаларға сай жаза қатайтылады.

Отырыстан кейін депутат Юрий Ли айыппұл мен бас бостандығынан айыру мерзімін ұлғайту туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.

- Тікелей 217-бап («Қаржы пирамидасын құру және басқару» – ред.) туралы айтсақ, онда біз жазаны қатайттық. Айыппұлдың төменгі шегін 1000 АЕК-тен 3000 АЕК-ке дейін көтердік. Бұған дейін 0-ден 3 мың АЕК-ке дейін болды. Қоғамдық жұмыстар 800 сағатқа дейін еді, оны біз 1200 сағатқа дейін создық. Бас бостандығынан айыру 3 жылдан 5 жылға дейін еді. Жазаның ең ауыр шарасы – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды 12 жылға дейін көтердік. Жалпы біз 217-баптың мағынасын өзгерткен жоқпыз, өйткені ол бойынша тәжірибе қалыптасқан, - дедіЮрий Ли

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция