USD
USD
USD

Қаржы пирамидасы әлеуметтік желіге көшті

Алматы облысының тумалары пирамидалық чат құрып, ақша жымқырумен айналысқан. 

Қаржы пирамидасы әлеуметтік желіге көшті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар қаржылық чатта жиналғандардың ақшасы көбейіп отырады деп алдаған. Шын мәнінде салымшылардың ешқайсысы ақша алмаған.

«Біздің бөлімшенің тергеушілері WhatsApp арнайы қаржылық пирамида чатын құрған әпкелі-сіңлілердің ісін тергеп жатыр. Олар салымшыларға ірі көлемде табыс түседі деп алдаған. Қыздар әлеуметтік желіде мүмкіндік іздеген, табысқа мұқтаж адамдарды іздеген. Танысқаннан соң өздерінің бизнес жобасымен ақша табуды ұсынған. Олармен сенімді қатынас орнатқан соң ай сайын тұрақты табыс табуға болатындығн айтқан. Бастапқыда 100 мың теңгеден кем салмаған жағдайда 1 айдан соң 150 мың теңге табыс түседі деп уәде еткен. Ақша арнайы шотқа түскен соң ешкімге қайтпаған. Осылайша табыс таппаған 76 адам полицияға арызданды. ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімімен тергеу ісі басталды», – деді Медеу аудандық ПБ басшысы Дәурен Өтебаев.

Қыздардың әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса 254-48-02; 254-48-09 немесе 8-700-379-79-09 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер