Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қаржы пирамидаларының белгілері қандай?

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржы пирамидаларының үш ерекшелігін атады.

Қаржы пирамидаларының белгілері қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Арам пиғылды адамдар басқа азаматтардың өмірлік қиын кезеңін, халықтың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, қаржы пирамидаларын құрады. Олардың мақсаты – халықтың қаражатын қалтаға басу. Мұндай заңсыз ұйымдардың жолын кесу жұмыстарын Экономикалық тергеу қызметі мен ІІМ жүргізеді. Биылдың өзінде Экономикалық тергеу қызметі бұл бағытта 21 қылмыстық іс қозғаған. Сонымен бірге псевдолоторея мәселесі де бар. Мұндай іспен айналысқан адамдар Алматыда анықталған болатын. Автокөлік ойнатып, артынша сеніп қалған азаматтардың қаражатын жымқырған», - деді Ерұлан Жамаубаев халық онлайн есеп беруден кейін ОКҚ-да ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қаржы пирамидасына қатысты Алматыдағы іс бойынша 200 млн теңге шығын келтірілген. Арызданушылардың саны 2 мыңнан асып кеткен. Қазір ол іс бойынша екі адам қылмыстық іске тартылуда.

«Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін қандай жұмыстарды қолға алып жатырмыз? Ең бірінші кезекте, БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Азаматтарды сақ болуға шақырамыз. Әлеуметтік желілерге мониторинг жасаймыз. Сонымен бірге біздің қаржылық барлау қызметі екінші деңгейлі банктерге қаржы пирамидаларының типологиясын жолдайды», - деді ол.

Ерұлан Жамаубаев қаржы пирамидалардың бірінші қатысушылары кіріске кенелгенімен, одан кейінгі тартылғандары опық жейтінін жеткізді.

«Қаржы пирамидаларының бір белгісі – ұйымдастырушылар банк депозиттерінен көп табысқа кенелетіңізге уәде береді. Екіншіден, кіріске қандай жағдайда болмасын кенелетініңізге сендіреді. Үшіншіден, мұндай ұйымдар қаржылық жағынан ашық болмайды. Сонымен қатар олар жарнама үшін әлеуметтік желіні ерекше пайдаланады. Мұндай белгілерді сезіп, көріп қалсаңыз, сақ болғаныңыз жөн», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді