USD
USD
USD

Қаржы пирамидаларына алданғандар саны азаймай тұр

Елімізде 31 мыңнан астам азамат жеңіл әрі тез табысқа кенелем деп түрлі қаржы пирамидаларының алдауына түсіп қалған. Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті.

Қаржы пирамидаларына алданғандар  саны азаймай тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Азаматтардың ақшалай қаражаты мен мүлкін заңсыз иелену мақсатында құрылған қаржы пирамидалары, соңғы жылдары кең таралған қылмыс түріне жатады. Қаржы пирамидаларының көбеюіне жәбірленушілер санының күрт өсуі әсер етті. Ал олардан келген жалпы залалдың мөлшері миллиардтарды құрады. Бүгінде 31 мыңнан астам қазақстандық азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Шығын көлемі 54 млрд теңгеден асып түседі», - деді Санжар Әділов ҚР ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қаржы пирамидалары азаматтарды алдаудың түрлі әдісін қолданады.

«Алаяқтар ойлап тапқан әдістердің көбісі азаматтарды жеңіл ақша табуға шақырады. Соның бірі - инвестиция құю. Яғни, қаржы пирамидалары өздерін нарықта табысты компания ретінде көрсетіп, қызметтерін ұсынады. Және азаматтарды тарту үшін түрлі инвестициялық жобаларды ойлап табады. Сондай-ақ, қаржы пирамидалары шағын қаржылық ұйым ретінде, букмекерлік конторжәне тұтынушылар кооперативінің атын жамылып та жұмыс істейді. Одан бөлек, олардың басты құралы әлеуметтік желі. Яғни, жеңіл әрі онлайн табыс табуға шақырады. Ол үшін мессенджерлердің мүмкіндігін пайланады», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

Құмар ойын

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс

Футбол федерациясы «Ордабасымен» өткен матчтан кейін «Елімайды», Карповичті және төрешіні жазалады

футболдағы жанжал