USD
USD
USD

Қаржы пирамидалары қайта шықты

2020 жылдың басынан бері Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне қаржы пирамидаларынан зардап шеккен 150 адам шағым жасады.

Қаржы пирамидалары қайта шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған департаменттің мәліметінше, барлық жағдайда зардап шегушілер қысқа уақытта қомақты пайда табуға үміттенген.

Бұл ретте олар ұйым туралы ақпаратты нақтылап алуды қаперге алмаған.

«Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар жиі шет мемлекет азаматтары болып шығады. Түрлі схемаларды ұйымдастыру және дамыту әлеуметтік желі арқылы жүзеге асырылады. Әдетте олар «Forex» «Advacash», «Teletrade» сынды танымал компаниялардың нышанын пайдаланады. Алайда, тергеу аталған компаниялармен олардың ортақ байланысы жоқ екендігін, ал олардың ізі және қазақстандықтардың салымдары шет елдерге кететіндігін көрсетіп отыр», – делінген ведомство мәліметінде.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы әлеуметтік желіден жоғары табыс табуға болатындығы туралы хабарламаны көріп, белгісіз тұлғаның банктік картасына шамамен 100 мың теңге аударып жіберген.

Қысқа уақыттың ішінде бірнеше есе табыс күткен бойжеткенге ақыр аяғында полицияға жүгінуге тура келген.

Осыған орай Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті «алаяқтық жобалардың« негізгі белгілерін жариялап отыр:

Біріншіден, жоғары табыс табуға уәде беретін мұндай жарнамалар бұқаралық ақпарат құралдар мен әлеуметтік желілерде жарияланады.

Екіншіден, бизнес желілік маркетинг ұстанымы негізінде ұйымдастырылады. Яғни, қатысушының табысы жаңа қатысушылардың салымы есебінен қалыптастырылады.

Үшіншіден, өз қызметтерін шетелдегі жылжымайтын мүлік, алтын өндіру, биржалық мәмілелер, «Forex» нарығы сынды салаларда жүзеге асыратындықтарын мәлімдейді.

Төртіншіден, қаражат тарту қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиялары болмайды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай