USD
USD
USD

Қаржы пирамидалары әлі де бар

Алматыда қаржы пирамидасынан 28 адам зардап шекті. 

Қаржы пирамидалары әлі де бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Р.Тұрғанов 2017 жылдың желтоқсан айында «LIDER» сауда маркасымен «RID inc» ЖШС-ын әділет органына тіркеген. Компания басшысы салынған соманың 30 пайызын ай сайынғы дивидендтерді төлеймін деген сылтауымен салымшылардың қаражатын иемденген. 

«Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге 2019 жылдың желтоқсан айында іздеу жарияланып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қаржылық пирамидадан зардап шеккендер туралы көп айтылып жатса да, адамдар ақшаларын алаяқтардың қолына өз еркімен беруді жалғастыруда», – деп хабарлайды қалалық ПД.

Бүгінгі күні «RID inc» ЖШС басшысы Р.Т Тұрғановқа қатысты ҚРҚК 195-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалалық полиция зардап шеккендерді Бостандық аудандық полиция басқармасына хабарласуын сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Алматы тауларында ақырған аю даусынан үрейленген туристер құтқарушылар көмегіне жүгінді

Аю

Тимур Турлов FIDE-нің Ресейге қатысты басты ұстанымын айтты

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті