USD
USD
USD

Қаржы нарығын реттеу агенттігі Jusan Bank активтерінің қайтарылуына байланысты мәлімдеме жасады

Қаржы нарығын реттеу агенттігі Jusan Bank активтерінің қайтарылуына байланысты мәлімдеме жасады. 

Қаржы нарығын реттеу агенттігі Jusan Bank активтерінің қайтарылуына байланысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Агенттік Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Jusan Bank-ті бақылауды Қазақстан Республикасының юрисдикциясына қайтару туралы мәлімдемесіне байланысты төмендегіні хабарлады:

"Банкті бақылауды Қазақстан Республикасының юрисдикциясына қайтару банктің одан әрі дамуына және оның стратегиялық міндеттерін табысты іске асыруға оң әсер етеді. Бүгінгі күні банк банктік қызметтер нарығындағы негізгі орнын сақтап отыр, меншікті капитал мөлшері бойынша ең ірі банктердің үштігіне және банк секторындағы активтер бойынша 6 жетекші банк қатарына кіреді. Өтімді активтердің үлесі банктің барлық активтерінің (2,6 трлн теңге46%-ын немесе 1,2 трлн теңгеге тең, бұл банкке өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.

Жеке және заңды тұлғалардың салымдары 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңге болды. Бұл ретте жеке тұлғалардың салымдарын өтімді активтермен өтеу – 194%.

Бұдан басқа, банк ықтимал кредиттік шығындарды игеру үшін резервтердің жоғары деңгейін қалыптастырды – банктің резервтері 296 млрд теңге, NPL қарыздарын өтеу 81%-дан асады. Банк реттеушінің барлық белгіленген пруденциялық нормативтерін айтарлықтай қормен орындауда", - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

.

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

.

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

.