Ақорда
Қаржы нарығын реттейтін агенттік Алматыда орналасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Бұл жайында Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдина Әбілқасымоваға банк жүйесін тұрақтандыруды және қаржы секторын дамытуды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ, жаңа агенттіктің Алматы қаласында орналасатыны айтылды.
Бұған дейін Nege.kz Әбілқасымованың тағайындалуын кейбір сарапшылардың салқын қабылдағанын жөнінде жазған болатын.
Мәдина Әбілқасымова Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып бір жыл қызмет атқарды. Осы уақыттың ішінде Елордадағы 5 жеткіншектің өліміне қатысты дауда сын садағына ілігіп, кейіннен Сағынтаев кабинеті отставка кеткенде министр креслосын босатқан болатын. Жаңа агенттікке тағайындалмас бұрын, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
#тоқаев #әбілқасымова #токаев #абылкасымова