USD
USD
USD

Қаржы министрлігі онлайн аударымдарды тексере ме?

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Kaspi банк клиенттерінің онлайн аударымдарына мониторинг енгізу бойынша қадамдарға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы министрлігі онлайн аударымдарды тексере ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Менің білуімше, екінші деңгейлі банктермен ақпарат алмасуға қатысты тиісті қадамдар жалғасып жатыр. Әзірге, нақты нәтиже жоқ. Бұл 2025 жылға дейін атқарылатын жүйелі жұмыс. Ешқандай тексерулер болмайды, адамдар мен биснеске қысым жасалмайды. Мен осы жайында кепілдік бере аламын», - деді Е. Жамаубаев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар тілшілер министрден онлайн аударымдар жасайтын адамдардың тізімін жасау мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

«Мемлекеттік кірістер комитеті өз еркімен ешқандай талаптарды енгізбейді. Мәліметтерді басқа мемлекеттік органдардың базасынан аламыз. Біздің ведомство өз бетінше мұндай қадамдарды жасай алмайды. Егер біздің құрылымда осыған біреудің қатысы болса, мен ол адамды жұмыстан шығарамын», - деді Қаржы министрі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі