Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қаржы министрі: Бюджетті қайта қарайтындай ешқандай себеп жоқ

Мұнай бағасы арзандап, теңге құлдыра

Қаржы министрі: Бюджетті қайта қарайтындай ешқандай себеп жоқ
Фото: NEGE.kz

ды. Осыған байланысты Қазақстанның бюджеті қайта қаралады деп топшылаушылар аз емес. Бұл мәселеге баспасөз мәслихатында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді.

Алматы, NEGE. «Биылғы нақтыланған бюджет сәуір айында қабылданды. Екі ай болды. Сондықтан республикалық бюджетті қайта қарау туралы өзекті мәселе тұрған жоқ. Бірақ біздің республикалық бюджетке түсетін жоспарлы қаражат орындалмай отыр. Әйтсе де қазіргі ахуалға, мұнай бағасына, сыртқы экономикалық және саяси ахуалға байланысты біз өзіміздің болжамдарымызды қайта қарастырамыз. Бірақ қазір бюджетті қайта қарайтындай ешқандай себеп жоқ», - деді министр. Еске сала кетсек бұған дейін Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның ұлттық қорына былтыр 4,5 трлн теңге қосылғанын мәлім еткен болатын. Оның айтуынша 2019 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор қаражаты шамамен 27,5 трлн теңгені немесе 65,5 млрд долларды құрады. Өткен жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар түсімдері есебінен 2,8 трлн теңге түскен.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді