USD
USD
USD

Қаржы министрлігі салықты кепілсіз бөліп төлеуге рұқсат бермек

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржылық қиын жағдайға тап болған тұлғаларға салықты кепілсіз бөліп төлеу рәсімін жеңілдететін жоба әзірледі.

Салық
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Жобадағы басты жаңалық 1500 АЕК-ке дейінгі (2026 жылы 6 487 500 теңге) салықтық береше бойынша мүлік кепілі мен банктік кепілдік талаптарын алып тастау болмақ.

Құжатта жоба «салықтық берешегі бар және уақытша қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп жатқан салық төлеушілерді» қолдауға бағытталғаны айтылған.

Бұған дейін салықты бөліп төлеу рәсімі салықтық әкімшілендірудегі ең күрделі процестердің бірі саналып келген. Көп жағдайда кепілді бағалау мен сақтандыру шығындары өсімпұлмен шамалас болатын, сондықтан бұл құрал шағын компаниялар үшін тиімсіз болды.

Бұйрық жобасы 19 наурызға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу