USD
USD
USD

Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесі Каржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Шерзаттың әкесі
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Бұл туралы адвокат Асқар Қаймақов мәлімдеді.

«Талғар ісіне қатысты бірнеше мәлімдеме жасауды қажет деп санаймын. Біздің өкілдер полициядан Каржаубайды ұстауды сұрамады, бұл туралы полицейлер айтқан еді. Туыстары марқұм Нұрқанаттың жеке хат-хабарларын жариялауға келісім берген жоқ. Каржаубай Нұрымовқа қатысты соттың 15 тәулікке қамау туралы шешімі заңсыз деп есептейміз (сот барысында өрескел бұзушылықтар орын алған) және бұл шешімді апелляциялық тәртіпте шағымдандық. Бүгін Каржаубай Нұрымовқа қатысты ҚР ҚК 202-бабы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын полиция хабарлады», – деп жазды адвокат Асқар Қаймақов. 

2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Жақында оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі бейіт маңынан табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сонымен қатар Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың 15 тәулікке қамалғаны белгілі болды.  

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу